№79 негізгі мектебінде "Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі" тақырыбында ата-аналардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама, "Қызықты сұрақтар", "Анама хат" , "Ұстазға хат" әдісі арқылы кері байлыныс орнатылды.
Өткізген 5 сынып жетекшісі Жолдыбаева Назерке